Тесттер [40] |
Шпорлар [79] |
Рэфераттар [736] |
Кітаптар [1] |
Баскалары [19] |
Слайдтар [66] |
Тест жауаптары [23] |
Пробниктер [53] |
Басты бет » Файлдар » Оқушыларға » Рэфераттар |
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесіндегі стандарттау.
Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесімен, міндеттерімен танысу.
Лекция сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесі. Оның мәні және негізгі міндеттері.
2. Стандарттаудың әдістемелік негіздері және ҚР-да стандарттау жүйесінің қызметі.
3. Қазақстан Республикасында стандарттау жұмысын ұйымдастыру.
4. Стандарттау органдары және қызметтері. Оның ұйымдық құрылымы.
5. Кәсіпорындар және ұйымдардағы стандарттау бойынша қызметтер.
6. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер. Қызмет бағыттары.
7. Қазақстан Республикасында стандарттау жұмыстарын жоспарлау және қаржыландыру.
8. Стандарттау бойынша жұмыстарды ақпаратты қамтамасыз ету.
Лекция мазмұны
Қазақстан Республикасында мемлекетік стандарттау жүйесі енгізілген, ол стандарттаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәжірбиелік негіздерін анықтайды.
Негізгі мақсаттары:
1. Техникалық прогрессті жылдамдату, қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылату, еңбек өнімділігін жоғарлату.
2. Сапаны жақсартып оптималды дәрежеде қамтамасыз ету.
3. Өнімді жобалау мен өндірудегі мамандандыруды жоғарлатып жағдай жасау.
4. Өнімге қойылатын талаптардың ел қауіпсіздігімен үйлесуін қамтамасыз ету.
5. Жоғары сапалы тауарды экспорттау аясын кеңейтуді қамтамасыз ету.
6. Өндіріс қорын рационалды қолданып, ресурстарды үнемдеу.
7. Халықаралық бірлестікті дамыту.
8. Денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету.
Бұл мақсатқа жету үшін стандарттауға келесі міндеттер қойылады.
1. Материалдарды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды т.б кешенді стандарттау арқылы дайын өнімнің сапа көрсеткіштеріне талаптар бекіту.
2. Жобалау, өндіру, қолдану сатысында қазіргі уақытқа сай сапалы өнім алу үшін стандарттар жүйесін енгізу.
3. Өнім сапа көрсеткішінің, бақылау мен сынаудың ортақ жүйесін анықтау және қолдануына сәйкес бұйымдардың сенімділік деңгейін қамтамасыз ету.
4. Өнімді жобалау мен өндіру сатысында оның сапасын оптималдау үшін және көптүрлі болмау үшін нормалар мен талаптарды орнату.
5. Унификациялауды дамыту.
6. Өлшеу сенімділігі мен ортақтығын қамтамасыз ету.
7. Ортақ құжаттама жүйесін орнату.
8. Ең негізгі ғылым мен техниканың салаларында ортақ терминдер мен белгілеулер енгізу.
9. Еңбек қауіпсіздік жүйесін орнату.
10. Табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды қолдануды жақсартатын стандарттау жүйесін енгізу.
Стандарттау жүйесі әрдайым ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық іс-шаралар нәтижесіне жетіліп отырады. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің максималды деңгейі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, бәсекеге қабілеттілікті дамытуға үлес тигізіп, ел азаматтарының қызығушылығын қорғап, саудаға сапасыз шетелдік тауардың енуіне жол бермеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының “Техникалық реттеу туралы” заңына сәйкес елімізде мемлекеттік стандарттау жүйесі (МСЖ) жұмыс атқарады. Бұл жүйе техникалық тілді жұмысқа қабілетті етіп жасауды қамтамасыз етеді. Оған тағы да, техникалық экономикалық ақының жіктелу жүйесі, материалдар мен заттардың қасиеттері туралы білімдер, құрылыс т.б кіреді.
Стандарттау және метрология жұмыстарының бағыттары:
Мемлекеттік қадағалау
• Стандарттау және метрологиялық ережелердің орындалуын мемлекеттік қадағалаудың жоспарларын орындауды бақылау және жобалау;
• Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапаны жақсартудағы мемлекеттік бақылауды жүргізу саясатын жобалау;
• Мемлекеттік бақылау бойынша аймақтық қызметін жасау;
• Мемлекеттік қадағалау бойынша нормативтік және құқықтық құжаттарды дайындау;
• Ішкі саудаға сапасыз тауарлардың түсуін болдырмау үшін сынақ зертханалары мен сертификаттау органының жұмысын мемлекеттік бақылауды қатаңдату.
Стандартттау
- ішкі және сыртқы саудаға отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық актілер мен нормативті құжаттарды, халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру және жасап шығару;
- стандарттау саласында ортақ ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
- стандарттау бойынша мемлекеттік саясатты жобалау мен жүзеге асыру;
- мемлекеттік стандарттау жүйесіне дайындықтың негізгі бағыттарын анықтау;
- халықаралық талаптарға сәйкес етіп үйлестіріп ҚР нормативті қорын құру.
Метрология
- талапты дәлдікпен, мемлекеттік стандарттарда белгіленген ережелер, талаптар, нормалар бойынша ҚР ортақ өлшеулерді қадағалауға бағытталған метрологиялық қызметті қамтамасыздандыру;
- ортақ өлшеулерді қамтамасыздандыру;
- ҚР-ғы өлшеулердің деңгейін арттыру;
- қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекіту;
- метрология саласындағы халықаралық іскерлікті дамыту.
Сертификаттау
- стандарттау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру мен дамытуының негізгі бағыттарын анықтау;
- халықаралық нормативті құжатқа сүйене отырып стандарттаудың нормалық қорын құру;
- өнімді тұтынушылардан, дайындаушылардан, жобалаушылардан ұйымның тәуелсіздігі мен техникалық компетенциясын ресми мойындау;
-сынақ зертханаларының стандарттау органының компетенттілігін растау, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыздандыру, бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Қазір стандарттау үш түрлі қызмет атқарады: экономикалық , әлеуметтік, коммуникативті.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:
1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;
3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
3. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың Ұлттық ҚР-ның «Стандарттау және сертификаттау» (1993ж), «Стандарттау» (1999ж), «Техникалық реттеу» (2004ж) заңдарына сәйкес енгізілген. Бұл жүйе ҚР-да стандарттау жөніндегі практикалық іс-қызметті ұйымдастыру, басқару іс-шараларын жүйелі түрде қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі стандарттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу, нормативтік құжаттардың әртүрлі санаттарын әзірлеу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, олардың қолдану тәртібін белгілеу, стандарт талаптарының орындалуын мемлекеттік тұрғыдан қадағалау іс-шараларын қамтиды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрылымы:
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган мен оның ведомствалық бағыттағы бөлімшелерінен, стандарттау саласында белгілі құзіреттілігі бар мемлекеттік басқару органдарынан, стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын стандарттау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардан оның ішінде техникалық комитеттерден және Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік қорынан тұрады.
Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі міндеттері:
• -өнім өндіру, жұмыс, қызмет жасауды нормативтік-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету;
• -өндіруші, сатушы және тұтынушылардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету;
• мемлекет пен тұтынушылар мүддесі тұрғысынан өнім сапасы мен түрлеріне тиімді талаптарын белгілеу;
• өнімнің өзара алмасылымдық, сыйысымдылық талаптарын белгілеу (конструктивтік, электро-магниттік, ақпараттық, бағдарламалық);
• өнім, оның элементтері, жинақтаушы бұйымдар, шикізат, материалдардың сипаттамалары мен көрсеткіштерін өзара байланыстыру;
• метрологиялық норма, ереже, талаптарды белгілеу;
• өнім сапасын бақылау. Сертификаттау және бағалау шараларын нормативтік-техникалық жағын қамтамасыз ету;
• материал, энергия және еңбек шығынын азайту, аз қалдықты технологияны пайдалану тұрғысынан технологиялық үрдістерге талаптар белгілеу;
• Халықаралық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар иен инфрақұрылымдық кешенді (көлік, байланыс, қорғаныс салалары, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың қауіпсіздігі) нормативтік қамтамасыз ету;
• тұтынушының өнімнің түрлері мен негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін өнімді штрихты кодтау, каталогтау жүйесін құру;
• Қазақстан Республикасы заңдарының жүзеге асуына стандарт құрал-тәсілдері арқылы ықпал жасау;
Мемлекеттік стандарттау жүйесін практикалық тұрғыда құру, басқару жұмысын мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау органы жүзеге асырады және келесі міндеттерді атқарады:
• стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
• мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың осы саладағы қызметін үйлестіреді;
• мемлекеттік, халықаралық, аймақтық стандарттау жөніндегі жұмыстарға қатысады;
• стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақтадуына мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастырады;
• стандарттау саласындағы кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастырады;
• стандарттау бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттарды, ержелер мен ұсынымды қолдану тәртібін белгілейді;
• стнадарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық ережелерін, жеке және заңды тұлғалар мен техникалық комитеттер, мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылдарының әдіс-тәсілдерін белгілейді;
Қазақстан Республикасындағы стандарттау қызметі
Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі іс-қызметі мемлекеттік басқару жұмысын техникалық реттеу және метрология комитеті (Қазақстан Республикасының мемстандарты жүргізеді).
Қазақстан Республикасы Мемстандарттың негізгі жұмыс бағыты мыналар:
• стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттік-техникалық біріккен саясат жүргізу;
• өнім және қызметті сертификаттаудың мемлекеттік біріккен жүйесін құру;
• басқа елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынас жасауда пайда болатын техникалық кедергілерді жою:
• осы заманғы электронды байланыс құралдарын пайдалану арқылы ақпаратпен қамтамасыз ету, нормативтік база құру;
• физикалық шама бірліктерінің эталондық базасын құрып, дамыту;
• Қазақстан стандарттарын халықаралық және мемлекетаралық стандарттармен сәйкес үйлестіру;
• Стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттік қадағалау, лицензиялау және инспекциялық бақылау жөнінен нормативтік және заң актілерінің жобаларын әзірлеу;
• өнім және қызмет сапасы, стандарт, техникалық шарт талаптарын сақтау, метрологиялық ережелер мен өлшеу құралдарының күйін мемлекеттік қадағалау;
• стандарттау, метрология ,сертификаттау және сапа жүйесі, мемлекеттік қадағалау мен инспекциялық бақылау саласының жоғары білікті кадрларын даярлау;
• стандарттау, метрология және сертификаттау саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Қазақстан Республикасы Местандартының іс-қызметі техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет туралы ережелерге сәйкес атқарылады.
Қазақстан Республикасы Мемстандарты заңды тұлға болып табылады және өз өкілеттігі шеңберінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау іс-қимылдарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының көлемінде стнадарттау, метрология және сертификаттау жұмысын басқару, салааралық үйлестіру іс-шараларын жүзеге асырады.
Стандарттау қызметі кәсіпорында жүргізілетін стандарттау, сәйкестендіріу жұмыстарын ғылыми-техникалық ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыда басқарады. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-технологиялық, конструкторлық жұмыстарға тікелей қатысады.
Стандарттау қызметінің міндеттері мыналар:
• кәсіпорынның нормативтік құжат жүйесін құру және онымен кәсіпорын бөлімшелерін қамтамасыз ету;
• стандарттаудың отандық және шетелдік тәжірибелерін зерттеп, оларды стандарт әзірлеу, қайта қарау кезінде пайдалану;
• кәсіпорын бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету (конструктолық, жобалық және технологиялық құжаттарын дайындаудың қарапайым әдістерін анықтау);
• нормативтік құжаттар қорын құру;
• стандарттау жоспарының жобасына, ғылыми-техникалық мақсаттық бағдарламаға ұсыныстар әзірлеу;
• ақпараттық мақала, жазба, жариялымдарды шығару;
• оқу әдістері мен конференциялар ұйымдастыру;
• стандарт жобалары бойынша пікір әзірлеу;
• кәсіпорын стандарттары мен ТШ-ты есепке алып, тіркеу;
• стандартты енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін анықтау;
• өнмді өндіріске жіберу жұмысына қатысу;
• стандарттау жөніндегі мәселелермен айналысатын бөлімшелердің жұмысын бақылау;
ҚР мемлекеттік стандарттарын әзірлеу, қарау, келісу және бекітуге дайындау, сондай-ақ, халықаралық стандарттау жұмысын жүргізу үшін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрылады. Техникалық комитеттерді ҚР-ның мемстандарты тіркейді. ТК белгілі бір сала бойынша ең жоғарғы ғылыми-техникалық мүмкіндікке ие, нақтылы өнім, технология немесе іс қызмет түріне арнайы мамандандырылған кәсіпорын.Техникалық комитет ұйымдарына жатады:
• ТК мүше өкілетті уәкілдіктердің жиналысы;
• ТК хатшлығы;
• ТК қосымша комитеттері;
• ТК жұмыс топтары;
ТК мүшелеріне кәсіпорын, бірлестік, әзірлеуші-акционерлік қоғам, дайындаушылар кіреді. ТК-ке кәсіпорын, ұйымдар өкілетті уәкілдікке өздерінің жоғары білікті мамандарын тағайындайды. Өкілетті уәкілдер ТК жұмысына дауыс беру құқығын иемдене отырып белсенді қатысады.
ТК-тің лауазымды тұлғалары:
• ТК төрағасы;
• Төрағаның орынбасары;
• Тк жауапты хатшысы;
ТК-тің негізгі іс қызметтері:
• өзіне тиесілі стандарттау саласының техникалық саясатын әзірлеу;
• ҚР СТ және ТШ жобаларын әзірлеу, қарау, келісу, бекітуге дайындау;
• ҚР СТ халықаралық стандарттармен үйлестіру;
• Мемлекеттік стандарттаудың жылдық жоспарын әзірлеу;
ҚР-ның мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге тапсырыс берушілер-ҚР МЕМ стандарттары, министрліктер, кәсіпорындар мен бірлестіктер, сондай-ақ тұтынушылар қоғамы, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар.
Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлы тапсырмаларының орындалуын бақылау, есепке алу, жұмыстарды үйлестіру міндетін ҚР-ның мемстандарты атқарады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер жұмысын сипаттаңдар
2.Техникалық комитеттер жұмыстарының бағыттарн атаңдар
Ұсынылатын әдебиеттер
1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б
2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б
3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б
4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.
Барлық пікірлер: 0 | |